Қазақстанда әр жүзінші грант арнайы квота иелеріне беріледі
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 2026 жылы мемлекеттік білім гранттарының 1 пайызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға арналған арнайы квота бойынша бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік мәліметінше, арнайы квота жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған жастарға қарастырылған.
Яғни мемлекеттік гранттардың жалпы санының 1 пайызы осы санаттағы талапкерлер арасында үлестіріледі.
Мәселен, 2026 жылы "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген. Оның 122-сі немесе 1 пайызы жетім балаларға арналған квота аясында беріледі.
Аталған квота бойынша гранттар конкурсына:
- ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған жастар қатыса алады.
Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:
- ата-анасының екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
- ата-анасының ата-ана құқығынан айырылғанын, құқықтарының шектелгенін, хабар-ошарсыз кеткенін, қайтыс болды деп танылғанын немесе әрекетке қабілетсіз деп танылғанын растайтын сот шешімі;
- баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі;
- жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде тәрбиеленгенін растайтын анықтама.
Осылайша, мемлекет әлеуметтік осал санаттағы жастардың жоғары білім алуына қолдау көрсетуді жалғастырып отыр.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық қорытындыларын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 24 маусым 2026
Павлодар облысында полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
-
13:19, 24 маусым 2026
СҚО-да 22 жастағы жігіт әкесін соққыға жығып, видеосын әлеуметтік желіге жариялаған
-
13:06, 24 маусым 2026
Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысты күдіктілер ұсталды
-
12:57, 24 маусым 2026
Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
12:44, 24 маусым 2026
Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды





