Алматыда үйлерге жылу әдеттегіден ерте беріле бастайды

14:55, 28 қыркүйек 2020

Жылу беру маусымы Алматыда 28 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, жылыту маусымын бүгін, 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылдады. Қаланың энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің мәліметтері бойынша, қалалық желілер мен жылу жүйелері 100% дайын. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау мекемелеріне жылу беру бүгіннен бастап толық қуатында жүзеге асырылатын болады. Алдағы аптада тұрғын үйлер жылу желісіне қосылады, - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Жалпы қалада 444 білім беру нысаны, 133 денсаулық сақтау мекемесі және орталықтандырылған жылытуға қосылған 8 024 көпқабатты тұрғын үй бар.

Мұқажанов қаладағы жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан кейін басталатынын ескерте кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!