Алматыда тоғыз су қоймасына суға түсуге болмайды

18:57, 13 мамыр 2025

© Сурет: pixabay

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда тоғыз су қоймасына суға түсуге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала аумағы мен тауға жақын жерлерде орналасқан 44 су қоймасы бар. Олардың 9-ы қауіпті саналады:

  • "Шаңырақ" ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені;
  • "Дархан" ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені;
  • Әл-Фараби мен Навои көшелері маңындағы Үлкен Алматы өзені;
  • "Кемел" ықшамауданындағы "Первомайские пруды";
  • Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрыла бергенде);
  • Юннатское өзені;
  • "Қарасу" ықшам ауданындағы тоған;
  • Аэропортовское өзені;
  • Қарасу жақтағы өзен (Шестуха).

4 жерде суға шомылуға рұқсат етіледі:

  • Сайран көлінің батыс және шығыс жағында;
  • "Гүлдер" демалыс орны;
  • "Баум" бағының аумағындағы жағажайда.

Алайда қазір бұл су қоймалары суға тола қоймаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!