Алматыда такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
© Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 10 қыркүйек күні түні Алматыда Hongqi E-QM5 таксиі мен Hyundai Sonata көлігі соқтығысты. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апат Жетісу ауданында, Жұмабаев пен Сельская көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hongqi E-QM5 таксиінің жүргізушісі Сельская көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жұмабаев көшесіне солға бұрылмақ болған.
Куәгерлердің айтуынша осы кезде, Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта Hyundai Sonata көлігі келе жатқан. Сол уақытта Жұмабаев көшесінен Сельская көшесіне "Газель" көлігі оңға бұрылған. Ол қиылыстағы жолдың бір бөлігін жауып, көрінуді қиындатқан.
Hongqi жүргізушісінің айтуынша, ол "Газель" басқа көліктердің қозғалысын жауып тұр деп ойлап, бұрылу үшін қиылысқа шыға бастаған. Алайда ол маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген.
Осы сәтте Hyundai Sonata жоғары жылдамдықпен Hongqi E-QM5 көлігіне соғылған. Соққы қытайлық көліктің артқы есігіне тиген. Қатты соққыдан Hongqi көлігі бұрылып кетіп, тротуарға шығып кеткен. Көлік бірнеше бордюрді қағып, жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.
Ал Hyundai Sonata қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hongqi көлігінің жанында тоқтаған.
Жол апатынан екі жүргізуші мен такси жолаушысы зардап шекті. Үшеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар паттың нақты себептері мен жүргізушілердің қандай кінәсі бар екенін анықтауда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:17, 10 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек
-
11:04, 10 қыркүйек 2026
Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді
-
10:54, 10 қыркүйек 2026
«Ливерпуль» мен «Арсенал» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
-
10:37, 10 қыркүйек 2026
Цифрлық бизнес картасын әзірлеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді
-
10:16, 10 қыркүйек 2026
Алматыда көлік жол белгісін қағып өтіп, бетон қоршауға соғылды








