Алматыда сотталушыны қинаған түрме инспекторы 6 жылға сотталды

14:24, 18 маусым 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматы қаласы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖ ЛА-155/18 түзеу мекемесінің режим және қауіпсіздік бөлімінің инспекторы сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

8 маусымда Түрксіб аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖ ЛА-155/18 мекемесінің режим және қауіпсіздік бөлімінің инспекторы Б.Б.Ережепов 6 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі, 1.2-тармағы).

Ол сотталушыға қарсы арнайы құралдармен (кісендер мен резеңке таяқшалармен) физикалық күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсетіп, сотталушының денсаулығына, заңды құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірді деп күдікке ілінді, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!