Алматыда рұқсат қағазға қол қоюы үшін мемлекеттік қызметкерге 73 млн теңге пара ұсынылған
© Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров 2024 жылғы 14 қарашада өткен брифинг барысында Алматыда ірі көлемде пара алу фактісі анықталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, мақсатты түрде жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде Алматыдағы ауруханалар, мектептер және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар қазандықтарын қайта жаңарту жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасына оң қорытынды шығарып беруі үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды.
"27 қазанда келісілген 73,5 млн теңге параның бір бөлігі - 12,2 млн теңгені алу кезінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің солтүстік өңірі бойынша "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК филиалының директоры ұсталды", – деді спикер.
Параның бір бөлігін беруші компанияның лауазымды тұлғасы мен құрылтайшысы сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу шаралары әлі жүріп жатыр.
14 қарашада таңертең Алматыда пара алды деген күдікпен Алматы облысы колониясы бастығының орынбасарының ұсталғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:56, 14 қараша 2024
Қазақстандық тұтынушылар құқықтарын қорғау: қаптамада көбіне қандай ақпарат қамтылмайды
-
23:44, 14 қараша 2024
Әрбір тұтынушыға қамқорлықпен: Қазақстандағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қалай тексеріледі
-
23:39, 14 қараша 2024
Сөрелердегі қауіпсіз тәттілер: қазақстандық тұтынушылар нені білуі керек
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
23:03, 14 қараша 2024
Мамандар тамақ өнімі таңбаламасын қалай айырып, денсаулығыңызды қалай қорғауға болатынын айтты