Алматыда робототехника технологияларын әзірлеу және енгізу жөніндегі бірлескен зертхана ашылады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің делегациясы Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында қала әкімі Дархан Сатыбалды робототехника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Unitree Robotics компаниясының басшылығымен кездесті.
Келіссөз нәтижесінде тараптар Алматыда робототехника саласындағы бірлескен зертхана құру жөнінде меморандумға қол қойды. Жаңа орталық мобильді робототехника, автономды навигация және жасанды интеллект технологиясын дамыту мен енгізудің маңызды алаңына айналмақ. Жобаны Алматы қаласы әкімдігі Freedom Holding Corp. компаниясының стратегиялық қолдауымен жүзеге асырады.
Unitree Robotics компаниясы робототехникалық жабдықтардың жаһандық нарығында жетекші орынға ие және мобильді әрі көпфункциялы роботтарды шығаратын ең ірі үш өндірушінің қатарына кіреді. Компания әлемдік төртаяқты роботтар нарығының шамамен 62 пайызын және Азия нарығының 75 пайызынан астамын иеленіп отыр.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, зертхананың ашылуы мегаполистің инновациялық экожүйесін қалыптастыру мен жоғары технология саласына инвестиция тарту бағытында маңызды қадам болмақ.
Өз кезегінде Unitree Robotics компаниясының тең құрылтайшысы және атқарушы директоры Чэнь Ли Қазақстанда робототехниканы дамыту ісіне белсенді атсалысуға дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, Алматыда ашылатын бірлескен зертхана қаланы цифрландыру стратегиясын жүзеге асырудың, кадрлық және технологиялық әлеуетті арттырудың, сондай-ақ жоғары технологиялық инвестиция тартудың маңызды кезеңі болмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 26 шілде 2026
Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті
-
17:06, 26 шілде 2026
27 шілдеде елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі
-
16:39, 26 шілде 2026
Жазушы, тарихшы Жұмабай Доспанов дүниеден озды
-
16:09, 26 шілде 2026
Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты Жезқазған маңына сәтті қонды
-
15:48, 26 шілде 2026
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр





