Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылы "Eco Almaty" ЖШС қаланы гүл екпелерімен көгалдандыру және безендіру жұмыстарына бақылау жүргізеді.
Мекеменің мәліметінше, 387 мың шаршы метр аумақты гүлмен безендіру жоспарланып отыр. Оның ішінде: 107 мың шаршы метр жерге біржылдық гүлдер, 280 мың шаршы метр жерге көпжылдық гүлдер мен бұталар және 116 мың шаршы метр аумаққа раушан гүлдері егіледі.
2025 жылмен салыстырғанда гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды.
Маусымға дайындық аясында Eco Almaty жылыжайда гүл өсіретін жергілікті кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Сарапшы-агрономдар Алматының континенттік климатына бейімделген гүл түрлерін таңдап отыр. Қаланы көгалдандыру барысында сальвия, тагетес, агератум және альтернантера сынды ыстыққа төзімді өсімдіктер қолданылады. Бұл гүлдер жергілікті ауа райына жақсы бейімделген әрі жазғы аптапқа төзімді.
Көктемгі маусымға дайындық қыс айларынан басталып, үздіксіз жалғасады. Дәстүр бойынша көгалдандыру маусымы ерте көктемгі гүл егуден басталады. Наурыз мейрамы қарсаңында қала примулалармен безендіріліп, мерекелік атмосфера қалыптасты.
Маусым бойы Алматының барлық ауданында кілем үлгісіндегі гүл композициялары, сондай-ақ саябақтар мен скверлердегі жаңартылған гүлзарлар қала келбетін көркейтіп, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:09, 26 наурыз 2026
Ұлттық банк номиналы 10 000 теңге болатын ескі банкноттар бойынша жағымды жаңалықпен бөлісті
-
16:56, 26 наурыз 2026
Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті
-
16:43, 26 наурыз 2026
«Тауарларға арналған декларация» функционалы ҚР МКК тарапынан кезең-кезеңімен іске қосылады
-
16:32, 26 наурыз 2026
Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатын болады
-
16:24, 26 наурыз 2026
Жаңа турникеттер Алматы метросының жұмысын баяулатты





