Алматыда Mercedes жүргізушісі тайғанап барып екі көлікті соқты

10:34, 8 қараша 2019

Алматыдағы Байзақов көшесінде үш көлік соғысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Райымбек даңғылының алдындағы кептеліске келіп, енді тоқтаған Audi жүргізушісі гүрс етіп артына біреудің "кіріп кеткенін" сезеді. Шығып қараса – оны соққан Lexus екен. Ал Lexus-ты өз кезегінде артынан Mercedes соғыпты. Қатты соққыдан Lexus алдындағы Audi-ді ұрған.

Mercedes жүргізуші алдында кептеліс күтіп тұрғанын кеш байқап, тежегішін ышқына басыпты. Қысқа жарамайтын жазғы дөңгелектің кесірінен көлік тайғанаған күйі айналып кетіп, Lexus-ті тұмсықпен емес, бүйірімен соқты.

Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!