Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, полиция көлігін жапырып кетті

09:37, 3 сәуір 2020

Алматыда ер адам көлігімен блок-бекетті бұза жарып өтті. Жылдамдықты шамадан тым асырған ол полицияның машинасына соғылып барып бір-ақ тоқтаған. Соның салдарынан бір тәртіп сақшысы зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Алатау ауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде болған. Жүйткіген "Тойота Ипсум" сол жердегі металл турникетті бұзып өтеді. Жүгенсіз жүргізуші бұдан кейін де қозғалысты жалғастырып, тоқтап тұрған "Киа" маркалы полиция көлігіне соғылған. Бұдан соң жол шетіндегі тағы екі машинаға барып ұрылады. Қызметтік көлікте отырған бір полицей зардап шеккен. Екі аяғы да сыныпты.

Ал тізгіндегі тентек 50-ді еңсерген азамат екен. Алматы облысы Көксай ауылының тұрғыны. Ел ағасы болатын жасқа жеткен ол "араққа сылқия тойып алған" дейді полицейлер. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!