Алматыда құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден қолында баласы бар әйелді алып шықты

19:43, 19 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

19 сәуірде Әуезов ауданында өртеніп жатқан пәтер ішінен құтқарушылар баласы бар әйелді алып шықты. Оның видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерден шыққан.

"Өрт сөндірушілер пәтер иесі мен оның баласын құтқарды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар", делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!