Алматыда 5 күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар баланың өлі денесі табылды

15:36, 22 мамыр 2018

Алматыда «Шаңырақ» ықшам ауданында осыдан 5 күн бұрын жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды, деп жазады Sn.kz.

Полицейлер 4 жасар баланы 1 жарым метр тереңдігі бар кір су төгетін шұңқырдан тапқан.

Еске сала кетейік, 17 мамыр күні «Шаңырақ» ықшам ауданында 4 жасар баланың жоғалып кеткені жайлы ақпарат тараған еді. Түсте шығып кеткен баланың жоғалғанын кешке жұмыстан анасы келіп бір-ақ білген.

Бүлдіршінді 100-ден аса полиция қызметкері іздеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!