Алматыда қоқыс шығару тарифі қымбаттады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қалалық мәслихатының 2026 жылғы 10 маусымдағы XLVI сессиясының шешімімен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайыз болып есептелген жаңа тарифтерге сәйкес:
- абаттандырылған және абаттандырылмаған сектор тұрғындары үшін бір адамға ай сайынғы тариф 718,5 теңгеден 744,1 теңгеге дейін өсті;
- қатты тұрмыстық қалдықтардың 1 текше метрін жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму құны 3 303,9 теңгеден 3 832,5 теңгеге дейін көтерілді.
Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған:
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – 100 пайыз жеңілдік;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, І топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, сондай-ақ жетім балаларға – 50 пайыз жеңілдік;
- ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға – 25 пайыз жеңілдік беріледі.
Жеңілдіктер тұтынушы өтініш берген күннен бастап, тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда қолданылады.
Шешім 2026 жылғы 28 маусымнан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін тарифтің өсуі қоқыс шығару қызметінің қымбаттауынан емес, қосылған құн салығының 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтерілуіне байланысты екені түсіндірілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 18 маусым 2026
Алматыда 18 маусымнан бастап үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі
-
17:34, 18 маусым 2026
Өзбекстан президенті ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынына баға берді
-
17:27, 18 маусым 2026
Жаңбыр мен аптап ыстық: алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
17:27, 18 маусым 2026
Жаңбыр мен аптап ыстық: 19-21 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
17:08, 18 маусым 2026
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді - Бектенов





