Алматыда қатты уланған бала мен ананы жасанды тыныс алу аппаратына қосты

14:32, 9 желтоқсан 2019

Дәрігерлер үйін қандаладан тазартамын деп дәрі сеуіп, уланған бала мен әйелдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бас ауруы, бас айналу, аяқтың әлсіздігі, жүректің айнуы, заттың көзге екеу болып көрінуі, қысымның жоғарылауы, жалпы әлсіздікке шағымданған 1952 және 1987 жылғы науқастарды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді. Қабылдау кезінде науқастардың жағдайы ауыр болды, олар қатты уланып, ми жұмысы, тыныс алуы тежелген. Оларға антидотты терапия жасалды, барлық зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізді, МРТ-ға қосымша түсірілді, деп хабарлады Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Науқастарға жәндіктерді жоюға арналған улы заттан ауа жолымен уланудың ауыр деңгейі деген диагноз қойылды.

- Науқастардың хәлі ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ем клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көлемде көрсетіліп жатыр, - дейді ведомствадағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!