Алматыда қан шығарғанды жақсы көретін азамат өлі табылды

15:03, 16 тамыз 2019

Алматыда жануарларды қинап өлтіріп, қатыгездігімен ел көзіне түскен Роман Чекмарев деген азамат өз үйінен асулы күйі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол кезінде ВК-дағы парақшасына шабылған мысықтардың басы мен қан-қан араның суретін орналастырып, елдің жағасын ұстатқан еді.

Сондай-ақ ол Жануарларды қорғау қоғамында істейтін қыз бен полицияға қоқан-лоқы көрсететін видео да жазып, жариялаған. Полиция тексеруді бастап кетті. Бұл шулы оқиға 2018 жылдың қыркүйегінде болған.

Сол жылы қазан айында оның үйінен өрт шықты. Ол кезде жұрт ол үйін әдейі өртеуі мүмкін деп топшылаған.

Енді, міне, 2019 жылдың 6 тамызында ол өз үйінде асулы күйі табылды. Полиция бұл фактіні растады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!