Алматыда 15 қабаттан секіріп кеткен келіншектің кім екені белгілі болды

09:58, 25 маусым 2020

Алматыда 21 қабатты үйдің 15-ші қабатынан құлаған келіншек жантүршігерлік қадамға өз еркімен барған. Өйткені оның өз-өзіне қол салған сәті бір емес, бірнеше бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Оқиға таңға жуық, жұрт шырт ұйқыда жатқанда болған. Ашық тұрған подъезге кірген әйел бастапқыда күзетшілердің күдігін тудыра қоймаған. Алайда арада 5-10 минут өтер-өтпей, гүрс еткен дауыс шыққан. Көпқабатты үйдің жан-жағына қойылған бейнекамералар көрсеткендей, келіншек 15-ші қабаттан өзі секіріп кетіпті. Денесі кіреберістің төбесіне, ал қолдары жұлынып жерге түскен. Марқұм небәрі 30 жаста болған. Орал қаласының тумасы. Әйелдің өз-өзін өлімге қию себебі тексеріліп жатыр", - дейді телеарна тілшісі.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Жүйке ауруына шалдыққан екен. Арнайы есепте тұрған. Болған оқиғаның толық мән-жайы, себеп-салдары тергеу кезінде анықталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!