Алматыда генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов дүниеден озды

11:44, 19 мамыр 2020

Алматыда ҚР Қарулы күштерінің ардагері, медициналық қызметтің генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрмағамбетов Талғат Сағадатұлы 18 мамырда 67 жасында ұзақ сырқаттан көз жұмды.

Ол 1952 жылы 27 қазанда туған.

1975 жылы Томь қаласындағы әскери-медициналық факультетті бітірген, 1983 жылы Әскери-медициналық академияны тәмамдаған.

ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет етті, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!