Алматыда «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай ұйымдастырылған, деп хабрлайды zakon.kz Almaty.tv cайтына сілтеме жасап.
Ғылыми жиынға елдің түкпір-түкпірінен тарихшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері онлайн қосылып, едігетанушылар мен ғалымдар өз зерттеу жұмыстарын қорғады.
"Алтын Орда тарихындағы үлкен рөлі бар би Едіге, ер Едіге жөнінде ел тарихының терең қатпарларынан сыр шертетін тың мәліметтерді ортаға салып жатыр. Бұл кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнегесі бар конференция деп есептеймін", – деді журналист Мақсат Дүйісмағамбетов.
1352-1419 жылдары өмір сүрген Едіге бидің есімі әйгілі парсы, араб, батыс, орыс тарихшылары еңбектерінде жиі аталады. Тоқтамыспен тізе косып, Еділ, Жайыққа дейінгі жерді өзіне қаратып, Ноғай ордасының негізін калаған. 15 жылдай Алтынорда хандығын билейді. Ел жадындағы Едіге батыр, әрі көсем, әрі шешен ақылгөй дана болған тұлға, дейді ғалымдар.
"Халық аузындағы Едігенің маңызы – оның топ бастайтын көсемдігінде, ойлы философ болғандығында және қара қылды қақ жарған әділдік билік құрғанында және көркем сөздің иесі шешен болғанында", – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Қосымова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады