Алматыда ер адам көлік ұрлаумен айналысу үшін үйін сатқан

11:25, 24 қараша 2017

Ер адам қылмыс әлеміне ауыспас бұрын базарда киім сатып жүрген. Ол көлік ұрлап сату жоспарын алдын ала әбден пысықтаған. Ол үшін баспанасын да сатып жіберген, - деп жазады Stаn.kz.

Ол өзінің азаматтық некедегі әйелімен бірге ақылдаса отырып саналы түрде қылмыс арқылы баю жоспарын қолға алған. Үйін сатып көліктердің арнайы номерін жойып жіберетін құрылғыны 27 мың АҚШ долларына сатып алған.

Олар ақылдасқан жоспар бойынша, әйел ортақ құрбанның алдында тұруы керек, ал ер адам оның көлігін алып қашуы керек.

Әйел мен ер адам бірінші жоспарларын Toyota Highlander көлігіне тексеріп көрген. Олар алдымен жол көлік оқиғасында жарамсыз болып қалған көлікті сатып алған. Оның құжаттарын өздеріне алып қалып, бөлшектерін бөліп сатып жіберген. Ал көлік жөндейтін азаматтардың бірімен осы құжатқа орай жаңа машинаға номерлерді соқтырып алуды 300 мың теңгеге келісіп те қойған.

Олар 27-сі күні жоспарды жүзеге асыруға жолға шығады. Әйел көлік иесімен бірге жедел сатыда тұрып, пульттен көлік жайлы ақпаратты ұрлап алады. Жігіт сырттағы көлікті жүргізіп кетеді.

Тергеу-тексеру барысында қылмысты жүзеге асыруға көмектескен көлік жөндеу орталығы да анықталды. Қазір жігіт тергеу абақтысында. Оның үстінен аса үлкен көлемде ұрлық жасау бабы бойынша іс қозғалды.

Фото: stan.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!