Қызыл кітапқа енген балықтарды аулаған: ШҚО-да браконьерлер тобының жолы кесілді
© Фото: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК-нің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлері Марқакөл ауданында ауқымды операция жүргізді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулауды кәсіпке айналдырған 23 пен 50 жас аралығындағы алты адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды.
Марқакөл және Урунхайка ауылдарында жүргізілген тінту барысында бағалы балық түрлерінің 700 келіден астамы, оның ішінде ускуч пен хариус балығы, сондай-ақ 200 литрден астам ускуч уылдырығы тәркіленді. Бұдан бөлек, күдіктілерден пайдалануға тыйым салынған ау құралдары, балық аулау жабдықтары, қысқы балық аулауға арналған құрылғылар, радиостанциялар және оқ-дәрілер алынды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот санкциясымен күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта құқыққа қарсы әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға, ықтимал сыбайластарын және заңсыз жолмен алынған өнімді өткізу арналарының жолдарын белгілеуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.
Полиция экологиялық қылмыстармен күрес жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың әрбір дерегіне құқықтық тұрғыдан қатаң баға беріліп, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:38, 19 маусым 2026
Балаларға әлеуметтік желіні шектейтін елдер көбейіп келеді
-
16:26, 19 маусым 2026
Астанада камералар көмегімен заңсыз қоқыс төгу фактісі анықталды
-
16:16, 19 маусым 2026
Азық-түлік бағасы ең қымбат елдер аталды: Қазақстан қай орында
-
16:09, 19 маусым 2026
«GPA көрсеткішін көтеріп беремін»: елордада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
-
15:58, 19 маусым 2026
Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен аптап ыстық қатар жүреді – ауа райы болжамы





