Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 60-тан аса адам уланып, біреуі көз жұмды

15:10, 27 шілде 2021

© Сурет: pixabay.com

Алматы қаласында "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында адамдар жаппай уланып, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

СЭБД басшысының орынбасары Садуақас Байғабыловтың айтуынша, 24 шілдеде 63 адам іші өткеніне шағымданған, одан басқа белгілер байқалмаған.

Белгіленген симптоматикалық емнен кейін, түскі үзіліс кезінде науқастардың жағдайы жақсарып, сол күні кешке қарай денсаулықтары тұрақталды, - деп түсіндірді ол.

Байғабылов марқұмға бұрын екі рет ота жасалғанын атап өтті.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бүйректің созылмалы аурулары болған. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады, - деп қорытындылады дәрігер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!