Алматыда әйел адам тергеу изоляторында отырған баласына ақша бермек болды
© Фото: zakon.kz
Алматы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінің фронт-кеңсесінің тексеру бөлмесінде тергеу тұтқынындағы баласымен кездесуге келген әйелдің заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол шалбарының ішкі қалтасына 5 мың теңге жасырып, өткізбекші болған. Оның 27 жастағы баласы 2022 жылдың аяғында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) Алматы мамандандырылған ауданаралық сотының санкциясымен тұтқындалған.
"№72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемелерді қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді және сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза да айқын жазылған", - делінген polisia.kz хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған әйелге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





