Алматыда Джей Лоның концерті өтетінін білген «Қайрат» футбол клубы аң-таң

© Сурет: Instagram/f.k.kairat
"Қайрат" футбол клубы Алматы қаласының Орталық стадионында әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концертінінің өткізілуіне байланысты наразылық білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 мамырда әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Қазақстанда екінші концерті Алматыда өтетіні туралы ақпарат жарияланды. Іле-шала "Қайрат" футбол клубы да Instagram-дағы парақшасында аталған жайтқа қатысты өз мәлімдемелерін жариялады.
"2025 жылы 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың парақшаларында пайда болған хабарламаларға байланысты "Қайрат" ФК аталған күннің клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды", делінген хабарламада.
Сөйтсе, ҚР Чемпионаты премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне сәйкес, көрсетілген мерзімде "Қайрат" ФК — "Жеңіс" ФК ресми матчы 9 немесе 10 тамызда осы стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, "Қайрат" ФК ресми түрде дәлелді бас тарту жіберілген күні концерт өткізетіні туралы жария хабарландыруға таңғалды. Клуб мәдени бастамаларды құрметтейді әрі диалогқа ашық. Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз", делінген клуб хабарламасында.
Бұған дейін Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өткелі жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды