Алматыда бүгіндері қандай вирустар айналымда жүр
© Сурет: pexels
Алматы қаласында қазіргі уақытта жедел респираторлық инфекциялар бойынша ахуал қандай екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық СЭБД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 18457 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші - 805,10-і құрайды. Ал бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 ретке (29743 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 13,2% пайызға (20684 жағдай) төмен. Бұл аурудың 62,4% балаларды қамтиды.
"Қазіргі уақытта тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары: риновирус, аденовирус, бокавирустар айналымда жүр". Алматы қалалық СЭБД баспасөз қызметі
Тұмауды профилактикалау мақсатында жергілікті әкімшілік есебінен осал топтағы тұрғындарды (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауға жататындар) вакцинациялау 19 қыркүйектен басталған.
2024 жылы жергілікті әкімшіліктің қаражатына осал топтағы адамдарды тұмауға қарсы егуге 200000 доз көлемінде Гриппол плюс вакцинасы сатып алынды.
"Қала бойынша ағымдағы жылдың 10-ші қазан айында тұмауға қарсы 79707 адам егілді, соның ішінде 78808 осал топтағы тұрғындар (39,4%), 342 адам әртүрлі салалардың жұмыс берушілер есебінен және 557 басқа да тұрғындар өз қаржысына егілді", делінген хабарламада.
Тұмауға қарсы екпе осы жылдың қараша айының соңына дейін жүргізіледі. Қалада жеке меншіктегі медициналық орталықтарында өз есебінен егілгісі келген басқа тұрғындарға және әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.
Атап айтқанда, індеттің профилактикалау кезеңінде тұмаудың профилактикасының тиімді шарасы-вакцинациялау болып табылады. Екпе тұмау вирусынан қорғайды, аурудың өршуіненен сақтайды және өлім-жітімді азайтады.
Сонымен қатар, қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық маусымында аурудың өсуі кезеңінде алдын алудың келесі жалпы шараларын естен шығармау керек:
- дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;
- жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;
- ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
- ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу;
Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті
-
14:33, 21 желтоқсан 2024
Алматыда жол бойында асылулы күйдегі ер адамның денесі табылды