Алматыда биыл мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар лагерлері жұмыс істемейді

17:32, 18 мамыр 2020

Алматыда биыл мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда өткен брифингте қаланың бас дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп директорларымен кездесуде биыл мектеп жанындағы лагерьлерді іске қосудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Біз мектеп жанындағы сауықтыру ұйымдарын бұрын мектеп жанындағы лагерлер деп атайтынбыз. Бірауыздан оларды іске қосудан бас тарту туралы шешім қабылданды, мектеп директорлар да балаларға қауіп төндірмеу туралы ниетімізді дұрыс түсініп, оны қолдады. Биыл мектеп жанындағы лагерьлер деген болмайды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған каникулды қала сыртында ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылды. Қала сыртындағы лагерлер де биыл ашылмайды", - деді Бекшин.

Оның ойынша, бұл демалыс түрі бір бөлмеге көп (25-30) адамды шоғырландырусыз, асханамен қатынассыз мүмкін емес. Сондықтан, биыл бұл демалыс түрі алматылық балалар үшін мүмкін емес.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!