Алматыда бір отбасының 7 мүшесі иісті газдан уланып қалды
Алматының Наурызбай ауданында бір отбасының 7 мүшесі иісті газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған.
"ТЖД өкілдері келгенде иісті газдың пештен шығып жатқанын анықтады. Пештің есігін үлкендер жақсылап бекітуді ұмытқан. Мұның алдында бұл отбасыға ТЖД өкілдері келіп, жылыту маусымындағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген", - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, ауруханаға отбасының 7 мүшесі бірдей түскен. Оның 5-еуі - балалар.
"Қазір барлығы дезинтоксикациялық терапия қабылдап жатыр. Ақыл-естері дұрыс, сұрақтарға дұрыс жауап беріп жатыр. Жақында барлығы ауруханадан шығады", - деді дәрігерлер.
ТЖД мәліметінше, қыс басталғалы бері ТЖД қызметкерлері 145 жеке үйді аралап шыққан. 10 мың адамға қауіпсіздік ережесі туралы айтылды.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері бір күндік жалақысын 100 иісті газды анықтайтын құрылғы сатып алуға аударды. Бұл құрылғылар тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне орнатылады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:30, 27 сәуір 2024
Елімізде медициналық қызметтердің тарифтері қайта есептеледі
-
09:19, 27 сәуір 2024
Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді
-
09:12, 27 сәуір 2024
ҚР аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді