Алматыда бір күнде болған екінші автобус апаты: жеңіл көлік жарнама тақтасына соғылды
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 20 маусым күні күндіз Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды.
Zakon.kz тілшісінің апат орнынан хабарлауынша, оқиға Макатаев пен Мәметова көшелерінің арасында болған.
Hyundai Sonata автокөлігі солтүстік бағытта оң жақ жолақпен келе жатқан. Жүргізуші ауланың ішіне бұрылмақ болған сәтте, көлікке 210-маршруттағы автобус қатты жылдамдықпен келіп соғылған.
Қатты соққыдан кейін Hyundai жолдан шығып кетіп, бордюр мен арықты асып өтіп, жарнамалық тақтаға соғылған.
Жол апаты салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, автобус бос болған, сол себепті басқа жолаушылар зардап шекпеген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 20 қаңтар 2026
Молдова ТМД қатарынан шығуды жоспарлап отыр
-
10:34, 20 қаңтар 2026
Астана-1 теміржол вокзалының қайта жаңарту жоспары таныстырылды
-
10:23, 20 қаңтар 2026
Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін мәлімдеді
-
10:16, 20 қаңтар 2026
Қазақстандық жасөспірімдер ресейлік және беларусьтік спортшылармен хоккей ойнайды
-
10:07, 20 қаңтар 2026
Алматы хайуанаттар бағы «Шыршаны тапсыр» акциясын қорытындылады





