Елдің болашағын айқындайды – Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
© Фото: Zakon.kz
Ерлан Қарин бүгінгі референдум конституциялық реформа бойынша алты айдан астам жүргізілген қоғамдық пікірталастардың қорытындысы екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа Конституция жобасын талқылауға мыңдаған азаматтар, сарапшылар және қоғамдық белсенділер 189 күн бойы қатысқан.

Сурет: Zakon.kz
"Осы кезеңде біз азаматтардың қоғамдық белсенділігін, кеңінен қатысуын көрдік. Шынында да, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар шешім қабылдайды – біз қандай қоғам құрамыз, еліміз қандай құндылықтар мен принциптер негізінде дамиды. Айта кетейін, бұл соңғы төрт жылда өткен үшінші референдум. Президенттің барлық маңызды және шешуші шешімдері референдум арқылы, яғни барлық азаматтардың пікірін ескере отырып қабылдануы керек деген принципі саясатымызда қалыптасқан тұрақты тәжірибеге айналды. Соңғы жылдары Қазақстан ашық диалог пен мемлекет пен қоғамның бірігіп шешім қабылдауында үлгі көрсетіп келеді. Еліміз саяси өмірдің жоғары қарқынын және прогреске ұмтылысын көрсетіп отыр, – деді Ерлан Қарин.
Бұған дейін Қазақстанда референдум басталғаны және осы уақытқа дейін қанша учаске ашылғаны туралы хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:45, 15 наурыз 2026
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда дауыс берді
-
09:38, 15 наурыз 2026
Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді
-
09:24, 15 наурыз 2026
Ерлан Қошанов жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдумда дауыс берді
-
09:15, 15 наурыз 2026
Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
-
09:05, 15 наурыз 2026
Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға





