Алматыда балаларына алимент төлемей жүрген ер адам көлігінен айырылды

© Сурет: Zakon.kz
Балаларына бір миллионнан аса теңге қарыз ер адам Тілендиев көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Chevrolet көлігі тізгініндегі ер адам алимент бойынша үлкен қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына қандай да бір құжаттарды көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.
Көлікті мөрлеп, арнайы айып тұрағына қойды.
Полиция алимент бойынша берешек толық өтелгенде ғана көлік иесіне қайтарылатынын айтып, түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 2 шілде 2022
Польшаның шамамен 46 мың тұрғыны қолайсыз ауа райына байланысты жарықсыз қалды
-
17:31, 2 шілде 2022
Дауыл, жаңбыр, бұршақ. Жексенбіде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
16:57, 2 шілде 2022
Алматыда Сайран көлінен бактерия – ішек таяқшалары табылды
-
16:04, 2 шілде 2022
ҚТЖ Украинаның қазақстандық кемені ұстау туралы сұрауына қатысты түсінік берді
-
15:58, 2 шілде 2022
Өзбекстанда бас көтергендер мемлекеттік органдарды басып алмақшы болғаны айтылды