Алматыда асбөлмесінде тарақан өріп жүрген балабақшаға қатысты тексеріс басталды
© Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Алматы білім басқармасына қарасты "№ 29 бөбекжай-балабақшада" тарақандар жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазба авторы балабақша асханасында тарақандардың өріп жүргенін түсіріп алған.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, видеоны шамамен 2025 жылғы қыркүйек айында "Батыр KZ" күзет ұйымының қызметкері түсірген.
Ведомствоның хабарлауынша, балабақша мен "Өндірістік кооператив" ЖШС арасында жасалған келісімшарт аясында ғимаратта дезинфекция және дератизация жұмыстары тоқсан сайын жүргізіліп отырады.
Сондай-ақ балабақша маңында орналасқан қоқыс жәшіктері жәндіктердің пайда болуына және таралуына себеп болуы мүмкін.
"Қазір Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ал Алматы білім басқармасы № 29 балабақшаның қызметіне жан-жақты мониторинг жүргізеді", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 14 наурыз 2026
Атырау облысында былтыр 55 әлеуметтік нысан салынды
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады





