Алматыда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты 3 нұсқа қарастырылып жатыр

15:35, 18 қаңтар 2019

ҚР ИИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматыда опат болған тік ұшаққа қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Sky Service әуекомпаниясының ЕС 130 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды.Тік ұшақтың күл-талқаны шықты. Қазіргі уақытта ол жерде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Апаттың себептері анықталуда.

"Қазіргі уақытта апатқа қатысты 3 нұсқа айтылып отыр. Бұл – техникалық ақау немесе әуе кемесінің ақауы, адам факторы (ұшақты басқарудағы қателік), және ауа райының қолайсыздығы. Ауа-райының қандай болғанын өздерңіз көрдіңіздер - мұнда қалың тұман болып, көру мүмкіншілігінің 150 метрден аспайтыны белгілі және мұз қату жағдайдының болғаны әбден мүмкін", - деді Нұрлан Жұмасұлтановтың.

Басқарма басшысының айтуынша, қара жәшік аман қалыпты, сынбаған. Оны ашып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Тікұшақ Боралдай әуежайынан ұшып шығып, апатқа ұшыраған жерден оңтүстікке қарай 10 шақырым қашықта орналасқан қону алаңына түсу керек болған. Оның ол жаққа неге ұшқаны анықталып жатыр. Сонымен қатар, ұшқыштың тұманда ұшуға мүмкіндігі болды ма және оның ұшу кезіндегі денсаулығы қандай болды, осы жайттар да анықталу үстінде.

"Ұшқыш жерге соғылмас бұрын байланысқа шыққан. Ол соңғы рет сағат 16:05-те байланысқа шығыпты, ал жермен қақтығыс шамамен 16:08 - 16:09-да орын алған. Оның не айтқанын әзірге айта алмаймыз. Ұшақтың көтерілуіне рұқсат берілген, авиакомпания да, ұшқыш тәжірибелі. 1968 жылы туылған, 25 жыл басқарып келді. Ұшқыш төрт мың сағаттай ұшуға шығып, тек осындай тікұшақтың өзімен екі мыңнан аса сағат көкке көтерілген. Кейбір жерлерде, дәлірек айтсақ дәл осы тұста елді мекен орналаспаған", - деді басқарма басшысы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!