Алматы зообағы үкілер туралы қызық деректер бөлісті
© Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы хайуанаттар бағының мәліметінше, 1 желтоқсан – Үкі күні болып белгіленген. Үкілер негізінен түнде белсенді тіршілік етеді. Қараңғыда көздері жақсы көреді. Олар айналасын үш өлшемде көре алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы зообағы атаулы күнге орай Instagram-дағы парақшасында үкілер туралы деректер жазды.
Үкі - білім мен даналықтың нышаны. Қазақ халқы үкінің нәзік қауырсындарын жамандық атаулыдан, тіл-көзден қорғайды деген сеніммен бас киімге, домбыраға тағады.
Адамдар үкі мен жапалақтың мистикалық, тылсым қасиеттері бар деп есептеген.
Үкілер негізінен түнде белсенді тіршілік етеді. Қараңғыда көздері жақсы көреді. Олар айналасын үш өлшемде көре алады.
Үкінің үлкен көзі тек алдындағы кеңістікті ғана жақсы көреді. Бірақ ол басын 270 градусқа бұрып, айналасында, артында не барын көру қабілетіне ие.
"Зообағымызда бұл құстардың бірнеше түрі бар. Бізде 43 жапалақ, 2 поляр үкісі, бір ұзынқұйрықты, үш құлақты, екі сақалды жапалақ және 10 сипуха бар. Биыл сипуха алғашқы рет балапан шығарды. Ал жапалақтар өте сирек балапан басады. Үкілерді арнаулы күнімен құттықтаймыз!" - делінген Алматы хайуанаттар бағының хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 2 сәуір 2026
3 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:13, 2 сәуір 2026
Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам заң бұзушылық тоқтатылды
-
19:45, 2 сәуір 2026
Астанада полицейлер жүк көлігінен азық-түлік ұрлауға әрекеттенген екі тұрғынды ұстады
-
19:33, 2 сәуір 2026
Шымкентте заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді
-
19:30, 2 сәуір 2026
Алматыда жасөспірімдер өтіп бара жатқандарға тас лақтырып, шабуыл жасаған





