Алматы жүргізушілеріне маңызды: 17 тамыздан бастап ақылы тұрақтарды қалай тегін пайдалануға болады
© Фото: Zakon.kz
Алматы тұрғындары 2026 жылғы 17 тамыздан бастап белгілі бір талаптарды сақтаған жағдайда коммуналдық ақылы тұрақтарға көлігін тегін қоя алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық көлік басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап жаңа қағидалар күшіне енді. Енді көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық ақылы тұрақтарды тегін пайдалана алады.
Негізгі талап – бір пәтерге бір автокөлік. Тұрғын үйден 500 метрге дейінгі радиуста орналасқан бір коммуналдық ақылы тұрақты таңдауға болады.
"Тұрақтағы нақты бір орын көлік иесіне бекітілмейді. Алайда бос орын болған жағдайда тұрақ үшін ақы төлеудің қажеті жоқ", – деп түсіндірді басқарма өкілдері.
Өтінішті 17 тамыздан бастап "Алматы паркинг" сайты немесе eOtinish платформасы арқылы беруге болады.
Сонымен қатар жаңа қағидаларға сәйкес, коммуналдық ақылы тұрақ орындарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден мына санаттағы көлік иелері босатылады:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және еңбек ардагерлері;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұған дейін "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I немесе II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналар;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
- электрлі автокөлік иелері.
Бұған дейін қазақстандықтарға тұраққа дұрыс қойылмаған көлікті біреу сызып кеткен жағдайда не істеу керектігі түсіндірілген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 17 тамыз 2026
Оқушы мектепке талапқа сай емес форма киіп келсе не болады
-
16:10, 17 тамыз 2026
Қазақстанда кредиттік картаны қай өңір тұрғындары көбірек пайдаланады
-
16:01, 17 тамыз 2026
Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады
-
15:52, 17 тамыз 2026
Қазақстанда доллар бағамы бірден 2,5 теңгеге төмендеді
-
15:48, 17 тамыз 2026
Алматы құтқарушылары тауға шығатын туристерге маңызды ескерту жасады





