Алматы-1 станциясының бастығы парамен ұсталды

16:29, 11 шілде 2019

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаменті "ҚТЖ Жүк тасымалы" ҰК" АҚ филиалының Алматыдағы "Алматы-1" станциясы бөлімшесі бастығының пара алу дерегін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, станция бастығы жалға алынған контейнерлерді кедергісіз тексеру мен қайтару үшін жекеменшік компания өкілінен 370 мың теңге көлемінде пара алған.

Өз кінәларын толық мойындағандықтан, күдіктілер қамауға алынбады. Тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін айқындау мен соңғы шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!