Алматы прокуратурасы қаладағы құрылыстардың заңды-заңсыздығын тексеруге кірісті

14:53, 20 сәуір 2021

© Сурет: Золотухин

Алматы қаласының прокуратурасы қаладағы құрылыстардың заңдылығын тексеруге кірісті. Ол үшін прокурорлар құрылыс жүріп жатқан немесе салынады делінген жоспарлы нысандарға ат басын бұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 20 сәуірде прокурорлар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырған бірнеше құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Медеу ауданының прокуроры А.Жакупов әкімдік өкілдерімен бірге Әлімжанов көшесі 54 тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті.

Аталған нысан тарихи-мәдени мұра ескерткіші ретінде қорғалатын "Қызыл-Таң" тігіншілер үйі аумағында орналасқандығы анықталды, деп хабарлады прокуратура.

Жергілікті прокурор нұсқаулар берді және олардың заңдылығын зерттеу үшін құрылыстың барлық рұқсат құжаттарын сұрады.

Азаматтық белсенділердің қатысуымен тұрғын-үй жайлары арасында орын тепкен 36 құрылыс нысаны анықталды. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жағдайды реттеу және олардың болашақ тағдырын анықтау бойынша шаралар кешенін қабылдауда.

Бүгінгі күні 8 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу мәселелері қарастырылуда.

10 объект үшін абаттандыру ерекшеліктері мен тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, құрылысты аяқтау ұсынылды, бесеуі бойынша сүрілген ғимараттарды қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылуда.

Прокуратура әкімдіктің қаланы салудың жекелеген шектеулерді қарастыратын жаңа ережелер әзірлегенін айтты.

Соның ішінде, қаланың орталық бөлігі мен аула аумақтарын ықшам дамыту, ғимараттардың рұқсат етілген биіктігі, тарихи ғимараттардың қасбеттерінің өзгеруі, қаланың тарихи ерекшелігін құрайтын нысандарды бұзу және т.б бар. Бұл нормалар қаланың қалыптасқан тарихи бейнесін сақтауға ықпал етеді, деп атап өтті қадағалаушы орган.

Биыл 17 наурызда ҚР Президенті Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте прокуратураға әкімдікпен бірге тығыз дамыған аудандардағы құрылыстың проблемалық фактілері бойынша жағдайды талдап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!