Алматы облысының тұрғындары ұрланған 8 жасар қызды құтқарып қалды

© Сурет: freepik
5 маусымда әлеуметтік желіде Алматы облысында бейтаныс ер адамның 8жасар қызды ұрламақ болған сәтінің видеосы тарады. Облыстық прокуратура аталған оқиғаның егжей-тегжейін баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күмәнді оқиғаның куәсі болған Қарасай ауданының тұрғындары ZTB.KZ-ға көргендерін баяндап берген. Олардың айтуынша, қолында алкогольдік сусыны бар бейтаныс адам өзі және жанындағы кішкентай қызын Ұзынағашқа апарып тастауды өтінген.
"Қыздан "қасындағы адам кім" деп сұрағанымызда, ол жылап жіберді. Мектеп оқушысы жергілікті өнер мектебіне бара жатқанда осы бейтаныс адам оны ұстап алып, таксимен белгісіз бағытқа алып кеткен", - дейді видео авторлары.
Өзін Руслан деп таныстырған адам камераны байқап, асығыс-үсігіс қашып кеткен.
Прокуратура атап өткендей, 2015 жылғы оқушы Жамбыл ауданындағы "Фабричный" ауылындағы үйінен шыққан. Ол сабаққа бара жатқанда алдынан белгісіз адам шығып, оны күштеп таксиге отырғызған, сөйтіп үйден шамамен бір сағаттық, яғни 37 шақырым жердегі Жібек Жолы ауылына барады.
Бұл факт Жамбыл ауданының полиция бөлімшесінде ҚР ҚК 125-бабы - "Адам ұрлау" бойынша тіркелді.
"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Өзбекстан Республикасының тумасы болып табылатын 1987 жылғы күдікті анықталып, ұсталды. Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған адам қамауға алынды", - деп атап өтті Алматы облысы прокурорының көмекшісі Махсат Әбиров.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сай өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Іс Жамбыл ауданы прокуратурасының жіті бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
-
13:10, 1 қазан 2023
Азиада-2022: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
-
12:58, 1 қазан 2023
Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келіп жетті
-
12:37, 1 қазан 2023
Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды
-
12:04, 1 қазан 2023
Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты