Алматы облысының полицейлері түсті металдың ірі партиясын ұрлағандарды ұстады
© Фото: zakon.kz
Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Іле ауданындағы Жетыген станциясында болған. Майқұдық – Жетыген бағытымен келе жатқан жүк контейнерінен қаскөйлер жалпы құны 2 миллион теңгеден асатын 23 мыс табақты ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік полициясы бөлімінің қызметкерлері Қонаев станциясында қылмыстық топтың бес мүшесін ұстады. Олардың барлығы — бұрын сотталған Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары болып шыққан.
"Арнайы операция барысында СОБР арнайы жасағының қолдауымен үш күдікті Алматыда бір мезетте ұсталды. Біраз уақыттан кейін тергеуден бой тасаламақ болған тағы екі сыбайласы да қолға түсті", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Аталған іс бойынша ірі көлемде, алдын ала сөз байласқан топпен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жазалар тағайындады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:08, 27 тамыз 2026
Қазақстандықтар әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырып, заңсыз ірі төлем алған
-
22:58, 26 тамыз 2026
Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды
-
22:32, 26 тамыз 2026
«Дауыл тұрып, тұман түседі». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:56, 26 тамыз 2026
Еліміздің 232 азаматы «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері атанды
-
21:48, 26 тамыз 2026
Павлодар облысында тау басынан бес адам эвакуацияланды





