Алматы облысында жоғалған екі оқушы қыз табылды

09:59, 23 қаңтар 2020

Полиция қызметкерлері Алматы облысында жоғалып кеткен балаларды тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін түнде полиция екі қызды Алматы қаласынан тауып, ата-аналарына тапсырды.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің тергеушілер жоғалған балаларды Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты. Екі қыздың да денсаулығы жақсы. Жасөспірімдердің Алматыға таксимен жеткені анықталды. Олардың үйден кету себебі әлі нақтыланып жатыр. Сондай-ақ, біз жоғалған балаларды іздеуге көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз, - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

21 қаңтарда кешке Ескелді аудандық полициясына жергілікті тұрғын - Алдабергенов 2006 және 2008 жылы туылған балаларының мектептен оралмағанын, олардың жоғалып кеткенін айтып, арыз түсірген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!