Алматы облысында үйі өртенген көпбалалы отбасы баспаналы болды

16:26, 3 наурыз 2021

© Сурет: видеодан алынды

Алматы облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасыға баспана берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, 26 ақпанда Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында көпбалалы отбасының үйінен өрт шығып, баспана толығымен жанып кетті. Өрт шыққанда үйде болған отбасы мүшелері сыртқа бас сауғалап, жеңіл киіммен қашып шығып, аман қалған. Отбасында алты бала бар. Үлкені - 14 жаста, кішісі - 7 айлық.

"Жақында үйі өртеніп кеткен Талғар ауданындағы көпбалалы отбасыға өңіріміздің меценаттары бүгін жаңа баспана сыйлады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 5 баланы дүниеге әкелген ананың қиын жағдайы туралы естіген өңір басшысы Амандық Баталов отбасыға қажетті көмекті уақыт оздырмай көрсету керектігін тапсырды. Жақсылық жасауға асыққандардың бірі - «Горизонт KZ» компаниясы болды. Өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы Талғар ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде қызыл жалыннан зардап шеккен отбасыға арнайы ат басын бұрып, жаңа баспанаға ие болғандары туралы қуанышты хабарды жеткізді. Баспаналы болған көпбалалы ана көмек қолын созған барша жомарт жандарға алғысын білдірді", делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Желіде қуанышты сәттің видеосы да жүктелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!