Алматы облысында судья алаяқтық бабымен 4,5 жылға сотталды

18:10, 14 қараша 2024

© Сурет: senate.parlam.kz

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен Қонаев қалалық сотының төрағасы Жайық Жанболатов төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифинг барасында аталған судья алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылғанын айтты.

Ол сотталушының жазасын жеңілдету, яғни аса ауыр қылмысты онша ауыр емес қылмысқа қайта қарап, ауыстыру үшін 9 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған.

"Қосымша жаза ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Биғайдаров.

Ол бұған дейін Алматыда мемлекеттік қызметкердің ірі көлемде пара алу фактісі анықталғанын растаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!