Алматы облысында оқ тиіп, жараланған бала: Полиция аталған фактіні растады

17:16, 4 мамыр 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Алматы облысында полиция қызметкерлері балаға оқ тиіп, жарақаттану фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиға 4 мамырда Іле ауданында болғанын хабарлады.

"Кәмелетке толмаған баланың оқтан жарақаттануына қатысты мән-жайларды анықтау үшін Іле аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс тіркелді. Денеге тиген оқ пневматикалық қаруға тиесілі екені анықталды", - деп хабарлады ПД.

Барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқ тиіп, жараланған 2011 жылғы баланың өмірін сақтап қалғандарын хабарлаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!