Алматы облысында 70 мың теңгеге бола жанжал шығып, жас жігіт көз жұмды
© Фото: Zakon.kz
Алматы облысында достар арасындағы ақшаға байланысты жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Оқиға 2026 жылғы 10 мамырда Боралдай кентінде болып, салдарынан жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда тарады. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол кафеге жұмысқа келген, сол жерде досымен 70 мың теңгеге байланысты жанжал шыққан.
"Марқұмның отбасының мәліметінше, 20:18 бен 21:04 аралығында жас жігіт соққыға жығылған. Алдын ала деректер бойынша, күдікті оның басынан доғал затпен ұрған. Алғашқы сараптама қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің көкбауыры жарылып, кейін қан құсып бастаған", – деп жазылған "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ер адамның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген. Алайда кейін ол көз жұмған.
Қазіргі таңда тергеу барысында марқұмның жақындары айтқан барлық уәж жан-жақты тексеріліп жатыр.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу барысы облыстық департамент басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді 2026 жылғы 15 мамырда Zakon.kz тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





