Алматы облысында кішкентай балаға қол жұмсаған имамның басы дауға қалды
© Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде жергілікті имамның намаз кезінде кішкентай баланы қолымен қағып жіберген видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болғандығы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода Шелек ауылындағы мешітте ондаған ер адамның намаз оқып жатқанын көруге болады. Бір сәтте ересектермен бірге тұрған балалардың бірі имамның алдынан жүгіріп өтпек болғанда ол баланы қолымен қағып жіберіп, сұлатып тастайды.
Желі қолданушылары имамның бұл әрекетін айыптап, жауапты органдардан балаға дөрекілік танытып, қол көтерген ер адамды жазалауды, оны жұмыстан шығаруды сұрайды.
Аталған оқиғаға қатысты Алматы облысының прокуратурасы түсініктеме берді. Қадағалау органы қоғамда резонанс туғызған оқиға куәгерлерін іздестіріп жатқанын жеткізді.
"Аталған мәселені Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына тапсырдық, жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз, сондай-ақ куәгерлерге бізге хабарласуды сұраймыз", - деп хабарлады прокуратурадан.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Шелек ауылының орталығындағы "Хидаят" мешітінде болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





