Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 14 жастағы қыз табылды

10:08, 19 сәуір 2018

Алматы облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған Қошмамбет ауылының жас тұрғынын іздеп тапты, деп хабарлады sputniknews.kz өңірдегі ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама Қарасай АІІБ-ге 17 сәуір күні түскен, полиция қызметкерлері қыздың туыстарын, мұғалімдері мен облыстық полицияның іздеу бөліміндегі әріптестерін тарта отырып, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған.

"Қыз Алматыдан табылды, қазір Қаскелең қаласындағы Қарасай АІІБ-ге алып бара жатыр, сол жерде туыстарының қолына тапсырылады ", — деп хабарлады облыстық полиция.

Таяу уақытта полицейлер оның үйден не үшін кетіп қалғанын анықтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!