Алматы облысында екі дәріхана «Ингавирин» бағасын асыра көтерген

15:27, 15 шілде 2020

ҚР Президенті Тоқаев Қ.К тапсырмасына сәйкес ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі дәрілік заттарды қымбаттатылған бағада сату фактілерін анықтау бойынша аумақтық рейдтік шараларды жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Іле және Талғар аудандарының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың екі дәріханасында (Бесагаш а., Өтеген Батыр а.) дәрілік препараттарды асыра көтеріңкі бағада сату фактілерін анықтады.

Дәріхананың бірінде "Ингавирин" препаратын 6500 теңгеге, екіншісінде – 8500 теңгеге сатқан. Алайда, дәрі-дәрмектің шекті бағасы 5640 теңгені құрайды.

Дәрілерге орнатылған бағаны заңсыз көтергені үшін дәріхана иеленушілеріне қатысты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ, өнімді тәркілеу және лицензияны қайтарып алу шаралары қарастырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!