Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттағы өрт ауыздықталды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылы 15 наурызда Алматы облысында доңғалақ шығаратын зауыттағы алапат өрт орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өзі де жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өрт оқшауланды, от шалған аумақтың ауданы анықталуда.
"ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп басқаруда. Ол Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іс-сапармен келген", - дейді құзырлы ведомство.
Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД-ның 12 бірлік техникасы және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды.
Бұған дейін Алматы облысында алапат өрт болып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Будақтаған қара түтін алыстан бірден көзге шалынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 17 сәуір 2026
Алматыда ер адам балалардың көзінше арыстанға тас лақтырған: хайуанаттар бағы мәлімдеме жасады
-
16:48, 17 сәуір 2026
18–20 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте күрт жылыну күтіледі – ауа райы болжамы
-
16:40, 17 сәуір 2026
Алматы облысында полицейлер әйелді құтқару үшін оның артынан жүгірді
-
16:24, 17 сәуір 2026
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
-
16:10, 17 сәуір 2026
29 наурыздан бері із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды





