Алматы облысында айып тұрағына қойылған жүк көлігі бөлшектеліп, тоналған
© Сурет: unsplash
Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктерді тонау фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын "Volvo FH" маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған.
"Алайда, тұрақта тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған. Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды. Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын "Mercedes E350" маркалы көлік күдіктінің әкесіне тапсырылған. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған. Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі көлікті жасырып қойған", делінген Алматы облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды.
Бұған дейін Оралда терминалдан ірі көлемдегі ақша ұрланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:16, 7 сәуір 2026
Бала қасқыр қоршауына кіріп кеткен: ата-анасына айып тағылды
-
09:05, 7 сәуір 2026
Күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыстық іс қозғалды
-
22:54, 6 сәуір 2026
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды - зардап шеккендер ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
-
22:40, 6 сәуір 2026
Елордада қызметтік ит бір күнде екі құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті
-
22:19, 6 сәуір 2026
Елімізде курортты өңірлерді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған жол картасы бекітілді





