Алматы облысы карантинге жабылады - әкімдік түсініктеме берді

14:59, 15 қаңтар 2021

Алматы облысының әкімдігі карантиннің күшеюіне байланысты аймақтың жабылуы туралы пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы күндері "Whats app" мессенджерінде Алматы облысының аумағында каратиндік талаптардың күшеюіне байланысты өңір толықтай жабылады, көліктердің кіріп-шығуына, қозғалысына қатаң шектеу қойылады деген мазмұндағы аудио хабарлама таралуда.

Бұл ақпарат Алматы облысының және сәйкесінше аудан-қалалардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қабылдаған қазіргі қолданыстағы Қаулыларының талаптарына сай еместігін, ақпарат коронавирус инфекциясының алғашқы толқынында, яғни 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында енгізілген бірнеше шектеулердің қатарында болғандығын хабарлайды.

Көпшіліктен таралып жатқан аудио жазбаға көңіл аудармау және басқа желі қолданушыларына таратпау сұралады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!