Қазақстандықтардың киік етіне деген қызығушылығы азайды
© Фото: wikimedia/Saken Dildakhmet
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 14 шілдеде Үкіметтегі брифингте киік етіне деген тұтынушылық сұраныс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта киік етінен өндірілген өнім көлемі сұраныстан асып түсіп отыр.
"Қазір киік етін өңдейтін кейбір кәсіпорындарда өнім жиналып қалды. Халықаралық ұйымдар тарапынан экспортқа шектеулер бар. Олар халықаралық қорғауға алынған жануарлардан алынатын туынды өнімдер мен олардың өнімдерін экспорттауға рұқсат бермейді. Бұл шаралар ішкі нарықты реттеу мақсатында қабылданды. Бір кезеңде киік етіне, әсіресе консервілерге деген сұраныс жоғары болды. Адамдар оны көбіне ерекше өнім ретінде сатып алды. Қазір бұл қызығушылық бәсеңдеп, өңдеумен айналысатын кәсіпорындар өнімді өткізуде қиындыққа тап болып отыр", – деді Азат Сұлтанов.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырып жатыр.
"Атап айтқанда, киік етін мемлекеттік сатып алудың жекелеген бағыттарында пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Әрине, санитариялық талаптар сақталады. Балаларға мұндай өнім берілмейді. Бұл мәселені Экология министрлігімен және Сауда министрлігімен бірлесіп қарап жатырмыз", – деп қосты Азат Сұлтанов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда киіктен алынатын туынды өнімдерді (дериваттарды) өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілетіні хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:12, 9 тамыз 2026
«Қазгидромет» Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
-
17:17, 8 тамыз 2026
Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініштер қабылдау 10 тамыздан басталады
-
17:07, 8 тамыз 2026
Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
-
16:20, 8 тамыз 2026
Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер
-
16:11, 8 тамыз 2026
Садақ атудан 2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды





