Алматы қаласының сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы сотталды

13:01, 16 қазан 2019

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы қаласының сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы Д.Сейсембековке қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

"Ол заңсыз салынған ғимаратты бұзу бойынша сотқа іс-қағаз өткізбес үшін, сондай-ақ заңсыз ғимаратта ешқандай кедергісіз кәсібімен айналысуы үшін жеке кәсіпкерден 2 млн 600 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде ұсталып, жауапқа тартылған", - делінеді агенттік хабарламасында.

 

15 қазанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Сейсембеков ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл бойына басшы лауазымдарды атқарудан, өз саласындағы қызметпен айналысу құқығынан аластатылды.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!